Дуальді білім беру – жұмыс орнында оқыту. Бұл әдіс Германияда, Австрияда, Швейцарияда кең таралған.Германиядағы жұмыс күшінің54%-ы дуалды оқыту бағдарламалары арқылы жүзеге асады. Қазір осы жүйе біздің елімізде де қолға алынып отыр.
Катя Кайзер – TUV Rheinand Academy & Life Care халықаралық жобасының жетекшісі
Қазақстан, соның ішінде Шымкент қаласы үлкен бастаманы қолға алып отыр. Біз сол үшін қуаныштымыз. Дуальді білім беру бағытына қазір барлық мемлек атсалысуда. Біз Шымкентке бұған дейін де келгенбіз. Арнайы меморандум түздік. Енді осы оқытудың тиімділігін түсіндерміз. Жұмысшы балалрға берілетін жеңілдіктерді айтпақпыз.
Дуалды оқыту Қазақстанда 2012 жылдан бері енгізілуде. Өндірістік оқыту мерзімі білім алушыға еңбек өтілі деп есептеледі. Қазіргі уақытта дуалды оқыту техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық бағыттар бойынша еліміздің 348 колледжінде жүргізіледі. Ол жалпы орта арнаулы оқу орындарының 43%-ын құрайды.
Марс Елекеев – Шымкент қалалық білім басқармасы кәсіптік-техникалық колледждер бағытының меңгерушісі
Енді қазір бұл кісідер біздің балалардың білімін жоғары бағалапр отыр. Ризашылықтарын танытуда. Сондықтан мен ойлаймын, осы отырыс өз нәтижесін беретініне сенімдімін.
Біздің елде осы жылы дуалды оқытудың элементтері колледждердің 80%-ына енгізіледі деп жоспарлануда. Қазақстанда мамандарды даярлаудың «қосарлы» жүйесі жастардың еңбек нарығына сәтті өтуіне жол ашады. Әрі олардың кәсіптік құзыреттерінің сапалы өсуін қамтамасыз етеді.Шымкентте қолға алынған бастамалар соның алғышарты.
П.Биназарқызы