Институт ректоры Оңалбай Аяшев 85 үздік диплом иегеріне айрықша құрмет көрсетіп, «5 реформа – 100 қадамды» іске асыратын осы шәкірттер екенін саналарына құйды.

Институтта филология, гуманитарлық және әлеуметтану,  жаратылыстану-математика, шығармашылық жаңа технологиялар сынды 4 жоғары мектеп пен 3 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді.

22 ғылым докторы мен профессорлар, 169 доцент пен кандидаттар және 200-ден астам аға оқытушы мен оқытушылар дәріс жүргізеді.

Осындай білікті мамандардан білім алған 699 студент бүгін оқу бітіріп, жадыда әрдайым жаңғырып тұрар студенттік шақпен қош айтысты.

Қызығы мол студенттік шақ асқақ арманын аялап келген жастың ең керемет кезеңі. Енді міне, барлығы да - бір маман иесі. Алда тек еліне, халқына адал қызмет ету мақсаты тұр.

Төрт жыл бойы бауыр басқан ортадан, ұстаздарынан, сүйікті жатақханасынан алыстайтынын сезініп, студенттер осы кеште ерекше тебіренді.

Дәурен Ақсақалов, институт түлегі:

қимаймын, бірақ, қуаныштымын. Қолыма міне, қызыл диплом ұстадым. Рахмет, барша мұғалімдеріме. Осында енді магистратураға тапсырамын.

Оқу ордасы әлемнің 500-ден астам ең айбынды жоғары оқу орындарымен әріптестік-ынтымақтастық байланыста. Институт түлектері білім беру жүйесінде, мемлекеттік қызметте, экономика саласы мен менеджментте ерекше сұраныстарға ие.

 

Маржан ЖОРАБАЙ