Алыстан атой салып мен мұндалап тұрған алып ескерткіш еріксіз көздің жауын алады. Бұл 15 метр биіктікке шығып,айналаға көз тастаған Сіргелі Тілеукенің тұлғасы. Ел ішінде Қарабатыр атанған дарабоз 1717-1754 ші жылдары жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста ерен ерлік көрсеткен.  Аласапыран жылдары  қол бастап, елге қорған болған Тілеуке Бұхар жыраудың қазақ батырларын мадақтайтын әйгілі жырына арқау болған.

Талас Омарбеков – Ұлттық ғылым академиясының академигі, т.ғ.д

Осы қаратілек бабамыздың есімін Бұхар жырау 1757 жылы Шимойын деген жерде Абылайхан ас берген кезде ұлы жүздің батырларының ішінде бірінші осы Қаратілекті атайды.  Біріншіден Қаратілектің жасыда үлген алайда жасы ғана емес даңқыда алашқа мәлім болған.

Тілеуке батыр жастайын ерлігімен көзге түскен.  Бозбала кезінде «Бөген» өзенінің бойына мекендеген  жұрттың зәре құтын қашырып, адамға шапқан жолбарысты жалаң қолмен алған деген әңгіме бар . Осы өжеттігімен  Әз Тәукенің назарына іліккен.

Анарбек Орман – «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері

Оны Әз Тәуке шақырып алып Айналайын батырым деп риза болған екен. Содан өзінің қызы Жуаскүлді беріп сенің есімің бұдан кейін Қарабатыр болады деген екен.

Алып монументтің ашылу салтанатына 5 мыңға жуық халық жиналды. Батыр бабадан тараған ұрпақпен қатар Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан зиялы қауым өкілдері келді. Тарихшылар ғылыми еңбекпен негізделген баяндамаларын оқып. Халық қалаулылары құттықтау тілектерін жеткізді. 

Қайрат Балабиев – Түркістан обылысы маслихатының хатшысы

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан бұл игі бастама. 

Қазақ халқы  батырларының есімін  ұран қылып, ерлігін жадына тұмар қылып   намысты жауға бермеген.  Бабаларымызды ұлықтау арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылық қасиетті сіңіруге болады – дейді жиынға келген аға буын өкілдері.

Жұмахан Сұлтанбекұлы – Ордабасы ауданының тұрғыны

Бабамызға орнатылған ескерткіш келешек ұрпақты тәрбиелеуге оң ықпал етеді.

Қарабатырды жекпе-жекте жеңе алмаған жауы, соңында жебені улап  жарақаттаған екен. Сіргелі Тілеуке 1754-ші жылы қазіргі Алматы обылысы Еңбекші Қазақ ауданындағы  «Ойран төбе»  қырғынында  қаза тапқан екен. Батырдың ерлігі бір рулы елдің ғана емес  күллі  Қазақ жұртының  мақтанышы.

К. Дүйсенбі