«Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың МАҢЫЗЫ» шығармашылық байқауы Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға бағытталған. Бүгін«Үздік әлеуметтік ролик авторы», «Үздік блогер», «Үздік телебағдарлама авторы», «Үздік телеарна тілшісі», «Үздік радиобағдарлама авторы», «Үздік ақпараттық портал», «Үздік ақпараттық портал тілшісі», «Үздік мерзімді басылым», «Үздік мерзімді басылым тілшісі», «Үздік баспасөз хатшысы» номинациялары бойынша жүйріктер анықталды. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы қала көшесін тазалап жүрген қоғамдық жұмысшыға қол ұшын созып, көмек көрсеткен «Қайырымды полицейді» де арнайы марапаттады.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

КСМ:Бүгінгі таңда мақсаты айқын, қадамы нық бұқаралық-медианың ең үздігі «Оңтүстік» телеарнасының бірнеше қызметкері жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ,  «Үздік жүрналист 2019» номинациясына лайық деп танылған Нұрлан Әлімбаевқа дипломмен  500 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.«Үздік әлеуметтік ролик авторы» — Нұрғали Матаев және «Үздік радио бағдарлама авторы» — номинациясын  Уалихан Қожақ жеңіп алды. Сондай-ақ, қала әкімінің алғыс хатымен арнамыздың  телеоператоры Абай Құралбаев марапатталды.

Нұрлан Әлімбаев – «ONTUSTIK» телеарнасының редакторы

Нұрғали Матаев - «ONTUSTIK» телеарнасының режиссері

Жылдың үздігі атанғандар қатарынан «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің ұжымы «Үздік редакция» атағын  алды. Сонымен қатар, Шымкент қалалық мәслихатының «Алғыс хатымен» бірнеше азаматтар  марапатталып, 150 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарға ие болды.

М. Жорабай