Жерасты мешіті ерекше сәулетте салынады. Ең басты ерекшелігі мінәжәт залының жер бетінен 4,2 метр төменде орналасуы. Ал, құлшылық үйінің мұнара іспетті 4 қақпасы болады. Оның негізгі екеуі ерлердің, біреуі әйелдердің, тағы бірі мешіт қызметкерлерінің кіріп-шығуына арналған. Миһрабтың сырт жағынан маңдайша терезелері арқылы ішкі залға сумен шағылысқан күн сәулесін өткізіп тұратын бассейн орналасады.
Наурызбай қажы Тағанұлы - ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти
М. Жұмабаев атамызайтқан ғой Түркістан хан сұлтанға тұрақ болған, Дін исламға шырақ болған жер деп. мінекей дін исламды жаңғырту үшін Алланың берген қылует мешіті жаңарып жатыр. Бұл Алланың берген сйы тәуелсіздіктің арқасы екені бәрімізге белгілі.
Мешіт Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің күншығыс жағына орналасқан. Ондағы мінәжат залынна бір мезетте 500 адам иық тірестіре тұрып құлшылық жасай алады. Ал оның биіктігі 15 метр болады. Жоғарғы бөлігі жерден 11 метр көтеріледі. Құлшылық залының - төмен орналасқанын есепке алсақ, келушілердің бір уақытта түсіп-шығуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл мәселені шешу үшін әр тұсқа орналасқан бірнеше баспалдақ пен лифтілер жұмыс істейді. Негізінде құрылысты өз қаржысына салғысы келетін кәсіпкерлер де табылған. Бірақ облыс әкімдігі сауапты іске барлық азаматтың ат салысуын мақұл көрген.
Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі
Осыған қаржы салған азаматтардың аты ол қанша қаржы салсада жазылатын болады. арнайы счет болады, арнайы тақта болады. Мен ойлаймын әрбір азаматқа Түркістанға келгенде осындағы мешітке үлесім бар деген сезім өте маңызды сезім ғой деп ойлаймын.
Мешіттің көлбей орналасқан дөңгелек шатыры кәдімгі ай формасындағы жарықпен көмкеріліп, оған жасанды газон жабылады. Саттарханов көшесіне қарайтын бұл көріністің қала көркіне ерекше рең қосары анық.
М. Жарылқасын