Салықтан қашып құтыла амайсың. Көлік салығынан жалтарғандарды енді жолда тоқтатып, міндетті қаржыны бюджетке құйдырады. Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері прокуратура, полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шараларды күшейтті. Осы жолы біздің түсірілім топ Еңбекші ауданында өткен тексеруге қатысты.


Көлік салығы бойынша берешегі бар салық төлеушілер жолда еркін жүре алмайды. Салықтан жалтарғандарды тәртіпке шақыруға арналған. Бір ғана Еңбекші ауданында 3700 берешегі бар салық төлеуші бар. Олардың жалпы берешек сомасы 146 млн теңге. Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірге дейін болатын.


 НҰРҒАЛИ СЛАНБЕКОВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бірінші сәуірден кейін 25 не дейін барлық салық төлеушілерге хабарлама шығып қойды. Хабарламаны орындау мерзімі бір ай болып табылады. Орындамаған жағдайда ертең 21 салықтық бұйрық шығарылады Бұл бұйрық автоматты түрде сот орындаушылар палатасына түседі. Ары қарай өндіру жұмыстарын жүргізеді.


 Рейд барысында салық төлемегендер мен қатар тәртіп бұзғаны үшін айыппұл төлемей жүргендер де тоқтатылды. Мегаполисте тәртіп бұзып, оған жауап беруден жалтаратын көлік жүргізушілері де жетерлік.


ШЫҢҒЫСХАН МОШҚАЛОВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

 Рейдтің басты мақсаты Әкімшілік құқықбұзушылық көдексінің талаптарының сақталуы және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу Жәнеде заңнама нормаларын сақтай отырып айыпұл төлеуден жалтарған құқықбұзушылықтарға тиісті іс-шаралар қабылдау болып табылады.


 Байқаусызда тәртіп бұзған жағдайда жауапты жүргізушілерге мемлекеттен жеңілдік те қаралған. Кодекс нормаларына сәйкес қысқартылған тәртіппен іс жүргізіледі. Яғни, айыпұлдың 50 пайызын ғана төлейді.