Ауладағы ойын қалалық турнирге ұласты. Шымкентте әуесқой командалар арасында ауқымды жарыс өтті. Қаланың әр тұрғын алабынан жиналған ойыншылар өзара мықтыларды анықтады.


 Жарыстың ашылу салтанатында қатысушы командалар таныстырылып, қонақтар сөз сөйледі. Турнирдің басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу; Спорт мәдениетін тұрғындар арасында кеңінен насихаттау.


 ӘМІРХАН ТӨЛЕЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Бүгінгі іс-шара шымкен қалалық мәслихаттының депутаты халықтын болышығын ойлап келешегіміз жастар деп жастарға арнап кезекті турнирін беріп жатыр бұл турнир дәл осындай көлемде өтеді деп жатырмыз алғашқы аймақ жерлерде іріктеу жарыстар болып 12 команда іріктеліп келді.


Бұқаралық спортты мегаполистегі шалғай елді мекен тұрғындары мықтап қолға алған. Арнайы сайыстар жылына екі-үш рет ұйымдастырылып тұрады. Жастардың да бұған қызығушылығы жоғары.


 ЖАХАНГЕР ӘРИПЖАНОВ, «ЖҰЛДЫЗ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ

 Бұндай жарыстар біздің ауылда көп өтіп тұрады осы жарысқа 4-5 айдан бері дайындалдық 1 орын орын алсақ деген ниет бар барлық жастарды спортқа шақырам спорт денсаулық кепілі.


Турнирлер жеңіс үшін ғана ұйымдастырылмайды. Жарыс алаңында әрбір ойыншының шеберлігі сыналады. Жастар жігерленіп, бойында рух оянады.