Департаментпен бюджет қаражатын заңсыз игеру, оны талан-таражға салуды анықтайтын «Қазына» жедел-профилактикалық шаралары жүргізілді. Нәтижесінде қала аумағында 36 қылмыстық іс дерегі тіркелді. Бюджетке келтірілген залалдың 4,2 млрд.теңгесі өндіріліп,1 млрд.теңгенің мүлкіне тыйым салынды. «Қамқор» - әлеуметтік аз қамтылғандарды қорғауды қажет ететін салаға қаралған бюджет қаржысын ұрлауға қарсы профилактикалық шарасы аясында 3 қылмыстық іс қозғалды.
Даурен Тұрғынбай – Шымкент қалалық ЭТТД-ның жедел уәкілі
Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытында да жұмыс өзінің оң нәтижесін беруде. Заңсыз алкоголь өнімдерін жасайтын 9 жасырын цехтардың жұмысы әшкереленді. 15 тонна спирт, 6000 данадан аса алкоголь өнімі, 21 мың арақ өнімдері мемлекет есебіне өткізілді. Департаментпен мұнай-газдың заңсыз айналымы саласында 7 дерегі анықталып, оның 4-і сотқа жолданды. Сот үкімімен жалпы соммасы 331 млн.теңгені құрайтын 3,5 мың тонна мазут мұнай өнімі өндірілді.