2019 жылы іске қосылған онлайн жүйені бүгінде 7 мыңға жуық оқушы қолданады. Тек өткен жылдың өзінде осы платформа арқылы мың шəкірт ҰБТ-ға дайындалып оның 99 пайызы мемлекеттік грантты жеңіп алған. Қанат Өксікбаев -  Joo.kz онлайн платформасының негізін қалаушы «негізінде онлайн дайындық платформалар бар деп айтылады. Бірақ бізде ерекше платформа қолданылады.Ондай технология қолданатын платформа жоқ. Бұны адотифті білім беру деп айтылады.Бұл əр оқушының өзінің деңгейіне үйрену жылдамдығына және мақсатына қарай білім беріледі.яғни əр баланың оқу жоспары əр түрлі болады. линейный барлығына бірдей жоспар емес. Мұндай платформа жалғыз Қазақстанда.»

Осы уақытқа дейін оқушыларға онлайн түрде жол сілтеп келген ұжым биылдан бастап арнайы мектеп ашпақ. Алғашқы білім ошақтары Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларында ашылады. Жекеменшік әріптестік аясында іске қосылатын мектептерде оқушыларға таңдаған бағытына қарай білім беріледі деп күтілуде. Ал ол жерге шәкірттер мен ұстаздар біліктіліктерін дәлелдеу арқылы қабылданады.

Нұрғали Елшібек - JOO High school мектебінің бас директоры

Қосымша бізде проферентация бар. сонда оқушыға бағдар беру. қай жерден бастау керек?  менің қандай мақсаттарым бар? мақсат қоя білу соған жету. қандай университет арқылы соған жете аламын? мен не болғым келеді? сондай нәрселерді басқаша қарым- қатынас жасап соны жетілдіруге тырысамыз.

Шараға еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің өкілдеріде қатысып болашақ талапкерлерге  мамандық және ЖОО таңдауға қатысты сұрақтарға жауап береді.