Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ.  «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі». Міне, осындай тарихи өзгеріс жасауға әр қазақстандықтың қатысуы маңызды. Референдум өткізу азаматтардың осындай жалпыұлттық сипаттағы маңызды мәселеге және ел тағдырын шешуге дауыс беруге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Семинарға келген сенатор референдумның маңыздылығына тоқталды.

ОҚМУ –де  7 мыңнан астам білім алушылар бар.  Докторантура,  магистратурада тәлім алушылармен қатарбілім бокалаврлары бар.  Жоғары оқу орнының  мыңға жуық қызметкерін қоса алсақ сайлау құғына ие азаматтар көп. Сондықтан осындай оқу орындарында түсіндіру жұмыстары нәтижелі болмақ.

Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр.