Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Ол қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген мемлекеттік дамудың жаңа бағдарын айқындайды. Жаңарған Ата Заң еліміздің демократиялық дамуына тың серпін беріп, әділетті қоғам құруға негіз қалайды.
«Жалпы, дербес деректерді цифрлық қорғауға қатысты заң маған өте ұнады. Бұл -бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.»
«Әрине, қуаныштымыз. Жаңа Қазақстанның жаңа Конституциясы - біздің жарқын болашағымыздың кепілі.»
«Табиғатты қорғау -ел игілігі үшін жасалатын маңызды іс. “Таза Қазақстан” бағдарламасы да соның жарқын көрінісі болды.»
«Қабылданған Конституция құтты болсын! Еліміз аман, жастарымыздың болашағы жарқын болсын!»
ЕЛ ҚОЛДАҒАН АТА ЗАҢ