Шымкентте бір күнде заңсыз қоқыс тастап, қоршаған ортаны ластаған 210 жағдай тіркелді. Экологиялық талаптарды сақтамағандарды дрондар анықтаған. Полицейлер қала аумағын жеті ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен әуеден бақылап жатыр.

Заманауи құрылғылар бейнебақылау камералары жоқ аумақтарды шолып, заңбұзушылықтарды жедел анықтауда. Дрондардың көмегімен қала іргесіндегі елді мекендерде, базарларда, автобекеттер мен саябақтарда үздіксіз мониторинг жүргізіліп жатыр. Жалпы жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзып, қоршаған ортаға зиян келтіргендерге қатысты 17 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған.

ДАНАБАЙ ӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Яғни әуе арқылы құқық бұзушылықтарға анықтау жүргізіліп, 1 тәулік ішінде абаттандыру қағидаларын бұзу, тазалықты сақтамау және қоғамдық орынды ластаудың 210 фактісі анықталды.