Шымкентте «Әділет» партиясы қалалық филиалының алғашқы конференциясы өтіп, басшылық құрамы жасақталды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – жаңа дәуір» атты үндеуіне қолдау білдіріліп, қалалық филиалдың жаңа басшылығы сайланды.


Ашық дауыс беру нәтижесінде Мұрат Жаңабайұлы Жолдыхожаев бірауыздан «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының басшысы болып сайланды. Мемлекеттік және қоғамдық-саяси салада көпжылдық тәжірибесі бар жаңа жетекші өңірдегі партия жұмысының тиімділігін арттыруға күш салады. Сондай-ақ, конференция барысында Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері бекітілді. Саяси кеңес құрамына шағын және орта бизнес, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдері енді. Ал Бақылау-тексеру комиссиясына экономика, қаржы және құқық саласының мамандары сайланды. Басшылық құрамын толық жасақтаған қалалық филиал алдағы уақытта өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізіп, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты нығайтуға басымдық бермек.

СПИКЕР: МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
01:39–01:57 Қазіргі таңда біздің Саяси кеңестің құрамы 80–90 пайызға жаңарды. Жаңа адамдар келіп жатыр. Алдағы үлкен сайлауларда осы жаңа құраммен ел игілігі жолында бірлесе жұмыс істейміз деген сенімдемін.