Апат айтып келмейді.Мұндай сын сағатта қырағылық танытып, адам өмірін ажалдан арашалап қалу маңызды. Дегенмен, төтеншеліктер қазір қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласына кіру алаңдатып отырғанын айтады. Оқиға орнына құтқару қызметі жедел жеткенімен, көшедегі кедергіге тап болып, үй маңына кіре алмай жатады.

Онымен қоймай, тұрғындар автокөлікті ретсіз қойып, жолды бейберекет бөгеп тастайды. Тұрғын үй кешендерінің кіреберісін бетон қоршаумен жауып, тосқауыл қояды. Салдарынан жедел әрекет етуге міндетті қызметкерлер уақыт жоғалтып, апаттың алдын-алуға кешігіп келеді. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері бірлесіп, тұрғын үй аулаларында профилактикалық шараларды күшейткен. Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрген сала өкілдері тұрғындарды қауіпсіздік мәселесіне салғырт қарамауға шақырады.

БЕКЗАТ МУРАТАЛ, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ

Бұл іс-шарада біз халыққа қызметтік көліктерге жол беруді түсіндіріп жүрміз.Жүргізушілер жол бермесе,төтенше жағдай қызметкерлері  материалдық шығынға ұшырайды, мұндай сәтте әр минут маңызды.