Түркістанда жаңа Конституция мен «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заңның негізгі бағыттары талқыланды. Дөңгелек үстелде Ата Заңның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі мен ел дамуындағы маңызы кеңінен сөз болды.


Жиын барысында Конституциядағы өзгерістердің мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал ететіні айтылды. Сондай-ақ этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді дамыту және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері көтерілд

ЕРТАЙ АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл мемлекетіміздің Конституциялық дамуындағы жаңа дәуірдің басталған күні.26 жылдың 15 наурызда бүкіл халықтың референдумда жаңа конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енді. Конституция халқымыздың ерік-жігерімен қабылданған, елдің болашақ дамуын айқындайтын тарихи құжат.


Басқосуда қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, ел бірлігін сақтаудағы жаңа Конституцияның маңызына тоқталды. Сонымен қатар жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді араласуы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселесі де назардан тыс қалмады.


ЕЛЕНА СТРЕБКОВА, АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Қазіргі жаңа қабылданған  ата-заңды мен қолдаймын. Өйткені сол ата-заңның арқасында мен өзім кішкентай кезімнен бастап тегін білім алып, мектепті тәмәмдадым. Сол Конституция арқасында жоғары білім алдым. Ешқандай шектеу болмады. Соған мен бақыттымын. Мен қазір бірнеше тілді меңгергенмін.


Кездесу соңында қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған ұсыныстар сараланып, оларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Бұл бастамалар алдағы уақытта тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданады.