Шымкентте еңбек нарығына су жаңа 600 маман қосылды! Жиырма бес жылдық тарихы бар Шымкент жоғары педагогикалық колледжі кезекті оқу жылын дүркіретіп қорытындылады. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан астам кадр даярлаған іргелі оқу орны биыл тағы бір белесті бағындырды.
Колледж алғаш ашылған кезде 6 мамандық бойынша небәрі 50 студентке білім берген. Бүгінде оқу орны 13 мамандық пен 17 біліктілік бойынша 3 мыңнан астам студентке сапалы білім беретін іргелі оқу ордасына айналды.
ГУЛЬНАРА ИБРАГИМОВА, ШЫМКЕНТ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Биыл 2026 жылы өте жемісті жыл деп айтсақ болады.Өйткені, 600 балаға жуық бітірушілеріміз бар.Ол өте көп деп ойлаймын.Бірақ бұның барлығы ертең мемлекетіміздің өркендеуіне өздерінің үлесін қосады деп сенудеміз.600 баладан 400-і мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы оқуға түскен.
Қолдарына диплом тиген жастардың көздерінен от жалындайды. Олар жай ғана құжат алған жоқ, болашаққа нық қадам басты. Әсіресе, заманауи IT саласын меңгергендердің жоспары ауқымды. Бәрі отандық өнімді әлемдік деңгейге шығаруды көздеп отыр.
ҚУАНЫШ ӘУЕЗХАНҰЛЫ, ТҮЛЕК
Программист бағдарламалық қамтамасыздандыру мамандығының иегерімін. 00:18-00:33 Болашаққа деген нақты жоспарым осы мамандықпен әрі қарай жұмыс істеп, осы мамандық арқылы еліміздегі программаларды және басқа бағдарламаны қамтамасыздандыру арқылы антивирус жасауды.Соның бәрін жетілдіріп, Қазақстанды дамытсам деген ойдамын.
Айтпақшы, бұл колледж тек Шымкентпен шектеліп қалған жоқ. Оқу орны әлемдік деңгейде танымал. Қазірдің өзінде 17 шетелдік білім ұйымымен байланыс орнатқан. Соңғы 5 жылдың ішінде 78 студент шетелде тәжірибеден өтіп келді. Алдағы уақытта бұл халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бұдан да ауқымды болмақ.