Жарыс Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның жеңіл атлетикалық аренасында өтті. Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов балуандарға сәттілік тіледі.

Мұрат Әйтенов - Шымкент қаласының әкімі

–Ұлттық спорт түрлері ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл мұрамыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, дамытуымыз керек. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз аз емес. Оның айғағы ретінде қазақ күресінен Әлемдік деңгейде биік тұғырлардан көрінген, Әлем Чемпионатының жеңімпазы, Әлем Барысының күміс жүлдегері, Евразия Барысының жеңімпазы - Ерсұлтан Мұзаппаров және Әлем Чемпионатының жеңімпазы, Азия Чемпионатының үш дүркін жеңімпазы - Әділжан Истабаевты айтып өтуге болады. Бүгінгі жарыс барысында балуандарға сәттілік тілеймін.

Сайдың тасындай іріктелген 27 палуан осы боз кілемдекүресті. Шым шаһардың барысы болуға таласып жатқандар – кіл мықты. Әлем және Азия Чемпионатының жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберіне үміткерлер. 30 белдесу өткізіп, топ жарған 1-орын иегері «Daewoo Nexia»автокөлігін иемденеді. 2-орын үшін 500 мың теңге қарастырылған.

19 жастағыМейіржан Әбдімәлікәбжіл қимылдайды. Техникалық айла-тәсілдері сүйсінтеді.Ұлттық спортты ұлықтаған шарада алғашқа кездесуде-ақ қарсыласының жауырынын жерге тигізді. салмағы 147 келілік палуан 10 жыл бұрын Қазақстан барысы атануды мақсат еткен..

Мейіржан Әбдімәлік –Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионы

Қазақ күресін дамыту мақсатында, Қазақ күресінің атын бүкіл әлемге шығаруға осы біздің балдар және мен әрекет жасап жүр. Осы шараны ұйымдастырып жатқан Шымкент шаласының спорт басқармасына алғысымызды білдіреміз. Және Шымкент қаласы Қазақ күресінің федерациясына алғысымызды білдіреміз. Мақсат Шымкент барысын ұту. Қазақстан барысы болу бала күнгі арман. Бас қарсыласым анау деп айта алмаймын спорт болғаннан кейін. Бақ жабама Бап жабама. Кім шығатыны белгісіз.

Наима Нұрәлі – тілші

Дүбірлі додада жауырыны жер иіскемеген миллионды қаланың кіл мықтылары салмақ жарыстыруда. Өзгелерден оза шыққаны республикалық сайыста қала намысын қорғайды.

Осындай форматтағы жарыстар еліміздің басқа өңірлерінде өткізіліп жатыр. Кейін топ жарғандары шілденің басында елордада жиналып, Қазақстан барысы атағына таласады.Жалпы қалада қазақ күресі қарқынды даму үстінде. 4 спорт мектебінде 466 спортшы қазақ күресімен кәсіби айналысады.