Себебі қажетті шығындар дұрыс жоспарланбаған. Осыған байланысты өткен жылдың жоспары 7 рет нақтыланған. Халық қалаулысы өз сөзінде облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджетті жоспарлау барысында жіті бақылау қажет екенін айтты.  Сессияда  облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері тыңдалды. Сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Жалпы осы басқосуда халық қалаулылары  7 мәселені қарап, тиісті шешімдерді қабылдады.

Нұралы Әбішов - Түркістан облыстық мәслихатындағы  аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы                                                     «Бюджеттің атқарылуы бойынша уәкілетті органдар тарапынан, бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан бюджеттік мониторингті күшейту қажет. 2021 жылғы облыстық бюджеттің бағдарлама әкімшілері тарапынан іске асырылған 225 бюджеттік бағдарламалардың 200 бойынша нәтижелерге қол жеткізілген. Облыстық бюджеттен қаржыландыратын 29 бюджеттік бағдарламалардың ішінде 18 бюджеттік бағдарлама күтілетін нәтижелерге толық қол жеткізілген. »