1998 жылы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында ашылған "Сырдария" университеті  оңтүстіктің шалғайдағы жастарын жоғары білім алуға тарта отырып, білікті мамандар даярлауда дәстүрі қалыптасқан  жоғары оқу орындарының біріне айналды. Осы орайда, 23 жыл тарихы бар университетті мегаполиске көшіру туралы ұсынысты Үкімет пен Ғылым және білім министрлігі қолдап жаңа атаумен жұмыс бастауға рұқсат берген. Нәтижесінде, жоғары оқу орнына жерлесіміз,  белгілі мемлекет және қоғам қайраткері,  Жұмабек Ташеновтің есімі беріліп жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдауды бастап кетті.

Ж. Тәшенов университетінің басты міндеттерінің бірі -  2025 жылға дейінгі Даму стратегиясын жүзеге асыра отырып,  аймақтың дамуына елеулі үлес қосатын заманауи талаптарға сәйкес келетін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын білім ордасына айналу. Ол үшін  бұл бағытта - білім беру бағдарламаларын еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып жаңарту басты талап және оны жүзеге асыруда барлық жағдайлар қарастырылуда. Бүгінгі таңда, гуманитарлық мамандықтар мен қатар    техникалық мамандықтарға басымдық беріп отырған жоғары оқу орны әсіресе,  инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыруды көздейді.

Жоғары оқу орыны бакалавриаттың 13  бағыты бойынша 31 мамандыққа, ал  магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандыққа  білім беру қызметі құқығына лицензиялар бар. Университетте  өңірге  белгілі ғылым, білім саласында зияткерлік элитасы бар Профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Сондай-ақ,  шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді де  қолға алынбақ. Қазіргі таңда ауылшаруашылық мамандығы бойынша Иерусалимдегі Еврей университетімен, Пенсильвания штатының университетімен және Кембридждің орталық- Азия форумымен бірлескен білім бағдарламаларын жасау басталыпты. Техникалық, ауылшаруашылық және ветеринария бағытындағы студенттерді тәжірибиеге бағытталған маман болып шығуы үшін  ірі және кіші кәсіпорындарда, дуальді оқыту жүйесін кеңінен қолдану  қолға алынбақ. Сонымен қатар, студенттердің кәсіби тәжірибесінің жаңа форматын белсенді түрде енгізіп, кәсіпорын  тарапынан ақылы тәжірибеге көшуді қолға алу жағы да жоспарланып отыр екен. Бүгінде университет білім берудің цифрлық форматына бейімделуден өтуде. Сондай-ақ, жоғары оқы орнында  4 студенттік жатақхана бар. Олар компьютер сыныптары мен кітапхана, WI-FI зоналары, компьютерлік және оқу залы,  ас дайындау блоктары, тренажер залы, демалыс бөлмелері, жуыну бөлмелерімен қамтамасыз етілген. Университеттің стратегиялық бағыттарының екіншісі - Жұмабек Ташенов атындағы университеттің кампусын салу. Ол бойынша бүгінде жұмыстар атқарылып жатқанын университет ректоры Қанат Байболов баспасөз отырысы барысында айтып өтті.