Немересін арқалаған Күмісай апа қожалықтағы атқарылып жатқан жұмысты бір шолып шықты. Сәт сайын қадағалап отырмасам көңілім толмайды,дейді шаруа.Жастайынан шаруаға араласып өскен әжей өмір бойы жиған тәжірибесін жастарға үйретіп, оларды еңбекке бауылып отырады. Жары екеуі ауылдағы ағайынның басын қосып,іріленген кооператив құрыпты. Ауыз бірліктің арқасында 40 тан астам отбасы нәпақасын пай үлеске тиген азын-аулақ жерлерінен ажыратып алып отыр.
Жолдасбек қарияның да жыл онекі ай иығынан кетпені түспейді. Жер өміп өскен шаруа диханшылықтың арқасында бала-шағасын асырап отыр. Ерте көктемде күлеңкі астына еккен қырыққабатын сатып, орнына қайта көшет отырғызған. Онысы да түйіндеп тұр. Қара күзде екінші өнім дайын болады. Жер, еркелік пен еріншектікті жақтырмайды,дейді шаруа
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан көп ұлтты халқы бар Жарты төбе ауылында бос жүрген адам көрмейсіз. Барлығы шаруашылықпен айналысады. Тіпті терім кезінде жұмысшы күші жетіспейді екен. Аядай ғана ауыл дихандары тонналап көкөніс өсіріп, оны еліміздің түпкір-түпкірімен қатар шет жаққа да экспорттайды.
Сарағаш ауданы өзге өңірлермен салыстырғанда суармалы жері аз. Дей тұрғанмен жылыжай шаруашылығы дамып кеткен. Ауданда 400 гектардан астам жылыжай бар. Ол жерлерде қызанақ пен қиыр, тропикалық жемістер егіледі. Шаруалар енді құлпынай егіп жатыр. Бұның барлығы тынымсыз еңбектің жемісі , дейді шаруалар.
Сарыағаштық шаруалар былтыр 105 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірген. Биылғы жылдың 6 айында 47,5 миллиард өнім алды. Жыл соңына дейін көрсеткіш былтырғыдан аспаса кемімейді, дейді мамандар. Ал,ауданыны осы бір ғана ауылшаруашылығы саласына 3 миллиард 500 миллион теңгеден астам инвеститция тартылған