Байрақты бәсеке КСРО спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Даулетбек Байжігітұлын еске алуға арналған. Сонымен қатар, облыс орталығында футболдан халықаралық жарыс аяқталды.

Белбеулі күрес дүние жүзі елдерінде кеңінен дамыған ойын. Сондықтан келешекте ол олимпиада ойындарына енуі мүмкін. Шымкентте басталған жарысқа 230-дан астам жасөспірім қатысты. Сонымен бірге тоғыз салмақта қыздар да белдесуге шығады. Жарыс барысында Қуат Байқожаев баптайтын алаң иелері мен  Алматы облысының балуандары мықтылық танытуда.

Облыс құрамасы сапындағы Сапаралы Жандос пен Байжігіт Мейрбек белдескеннің белін бүктірді. 12 облыстың балуандары екі күн бойына жеңімпаздарды анықтайтын болады. Турнир жеңімпаздары ұлттық құрама сапында Ресей елінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады.

Футболдан  халықаралық турнир аяқталды

Футболдан жасөспірімдер арасында өткен бұл халықаралық турнир облыстық балалар футболының атасы, Қазақстан спортына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан балалар футбол лигасының президенті Махамбет Сапарбаев жүлдесіне арналды. Турнирге қатысқан еліміздің 10 командасы және Өзбекстанның екі футбол клубы апта бойы өзара кездесулер өткізіп, жеңімпаздарды анықтады.

Ақтық сында Ташкенттің «Буняткор» командасы облыстық олимдиада ізбасарларын дайындайтын спорт мектебінің футболшыларын 2-0 есебімен ұтып, жеңіс кубогін иемденді. Ал, Талдықорғанның «Жетісу» клубын ұтқан қалалық №7 спорт мектебінің аяқ доп шеберлері қола медальға ие болды.

Жеңімпаз атанған спортшылар мен үздіктерге турнирді ұйымдастырушы,облыстық футболдан олимпиада мектебінің директоры, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ермек Дәрменов арнайы жүлделер тағайындады.

Жасы 80-нен асса да өзін сергек сезінетін Махамбет Баймырзаұлына бұл күнде премьер-лигада өнер көрсетіп жүрген жүздеген футболшыларды тәрбиелегені үшін облыс спортшылар қауымы алғыс білдірді. Өзбекстанның «Буняткар» командасында шыңдалып, «Ордабасы» командасында футболдық карьерасын аяқтаған Олег Сабиров те назардан тыс қалмады.

Аcхат МЫРЗАХМЕТОВ