Шымкентте су жаңа білім ордасы студенттерге есігін ашты. Жаңа университетке мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтың есімі берілді. Білім күніне орай арнайы концерттік іс-шара да ұйымдастырылды. Жорғарғы оқу орнының ректоры жаңа өмірге қадам басқан жастарға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Ташенов университеті 2022-2023 оқу жылын бастап кетті. Білім күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шарасы да өтті. Университеттің алға қойған мақсаттары айқын, жоспарлары көп. Биылдың өзінде оқу ордасына 800 студент қабылданған. Университет ректоры алдағы уақытта білім ордасынан қаншама түлек қанатын қатайтып, елдің ертеңі үшін барын салатынына сенетінін айтты.

Сондай-ақ, мерекелік шараға Жұмабек Тәшеновтың немере інісі Ұлықпан Башенов та қатысты. Абай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы қоғам қайраткерінің қасында 20 жылға жуық жүріп, тәлім тәрбие алғанын тілге тиек етті. Біртуар тұлғаның ерен еңбектерін еске алып, мақтанып айтты.

Университет техникалық, ауылшаруашылық, қызмет, ветеринария бағыты бойынша білім бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптарын ескеріле отырып даярлауда. Сондай-ақ, шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді де қолға алуда.Мақсат Майлыбай Тәшенов университетінің бірінші курс студенті. IT факультетіне түскен талапкер болашақта Қазақстанның IT саласын дамытып, жоғары деңгейге шығарамын деген мақсаты бар.

Жалпы оқу ордасында 3500 нан астам студент тәлім алуда.Айта кету керек, бүгінгі таңда университет бакалавриаттың 13 бағыты бойынша - 31, магистратураның 5 бағыты бойынша – 6 мамандық иелерін білім нәрімен сусындатуда. Оқытушы проффесорлық құрамы болашақ маман иелріне сапалы білім беріп қана қоймай,саналы тәрбие де беруге дайын.