Рухани шахарда еліміздің жас патриоттары бас қосты. IV Республикалық жас патриоттар форумына еліміздің әр аймағынан 400-дей  бала қатысты. Олардың бәрі  «Жас патриоттар» академиясының мүшесі. Бұл академия 2016 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» жанынан құрылған болатын. Мақсаты – Отансүйгіш, рухи биік, намысты жастарды тәрбиелеп шығару. Мерекелік жиында талантты балалар өз өнерлерін көрсетумен қатар, тіл мен дінге, ел мен жерге қатысты өз ойларын ортаға салды.