Шымкентте тұрғынүйді тонаған 11-сынып оқушысына қатысты сот үкімі шықты. Жәбірленуші барлық шығындарды өтеп, өз кінәсін де мойындады. Сондықтан, жазасы жеңіл боп отыр. Орталық Азия инновациялық университетінің ұжымы қойған көріністің сценарийі бұл.
Диляфруз Ахметова судья болуды бала кезден армандайды. Орталық Азия инновациялық университетінің «құқық» мамандығына түсу себебі де осы. Биыл соңғы жыл. Максималды түрде өз болашақ кәсібіне машықтанып жүр. Көріністегі рөлін де ұстаздарынан сұрап, таңдап алған. Қазақстандағы ең әділ сот болатынына сенімді.

Көрініс сот отырысын барынша елестетеді. Тіпті қонақтар прокурор рөлін сомадаған студентті шынында прокуратура қызметкері екен деп қалғандай. Болашақ заңгерлер судьядан оң баға алды.
Сот отырысы көрінісі үшін кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыс таңдалған. Ең қарапайымы – ұрлық. Материалдық жағдайдың төмендігіне байланысты қазір жастар осы қылмысқа жиі барады – дейді мамандар. Ал ұстаздар сценарий жазарда ҚР қылмыстық кодексінің 188 бабын басшылыққа алған.
Орта Азия инновациялық университетінде қазір 7000-нан аса студент білім алып жатыр. Оның ішінде 582 бала «құқық» мамандығында оқиды. Ұстаздардың айтуынша, болашақ заң мамандарын машықтандыру маңызды, теория жеткіліксіз болады. Келесі кездесуге құқық қорғау қызметкерлерін де шақырып қойған.