Әлімжеттік әскерде ғана емес, оқуда да бар. Мұны жасырып-жабудың керегі жоқ. Ақша бопсалау – ауыр қылмыс. Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі істер департаментінің полицейлері жоғары оқу орнының студенттеріне айтты. Орта Азия инновациялық университетінің құқық мамандығы ұйымдастырған кездесу кешіне біздің арнаның түсірілім тобы да қатысып қайтқан болатын. 

Студенттерге оқылатын бұл жолғы лекция әдеттегіден өзгерек. Университеттің мәжіліс залына жаңа өмірге енді ғана қадам басқан 1-курс студенттері жиналған. Оларға ең әуелі полицей немесе ұстаз ретінде емес, аға, сырлас тәрізді ақылын айтты спикерлер. Әрмен қарай әңгімені жалғап, ойларын жылы сөзбен астарлап жеткізіп отырды. 
Ауыл-аймақтардан, алыс-жақын облыстардан қалаға келген студенттер көбіне жол жүру ережелерін бұзады екен. Таяқ тастам жер жаяу баруға ерініп, рұқсат етілмеген орыннан жолды кесіп өтеді. Одан қала берді құлаққапты тығып алып, түк естімей өз өмірін қатерге тігеді. Орта Азия инновациялық университет ұстаздары осы проблеманы да көтерді. Баланың басты міндеті – білім алу екенін түсіндірді. 
Ескерте кету керек, буллинг, яғни әлімжеттік – бала өмірінің сапасын ғана құртып қоймай, ғұмырын қиюы да мүмкін. Сондықтан егер де Сізден бәзбіреулер бопсалап, қорқытып, ақша немесе өзге де заттар талап ететін болса, дереу университет инспекторына айтыңыз немесе 102 номерін теріп, хабарласыңыз.