Болгарияның Пловдив қаласында еркін және грек-рим күресі түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Грекрим күресі бойынша бозкілемде белдескен 35 жастағы балуандар арасында жерлесіміз Жолдыбай Тоқбаев алтыннан алқа тақты. Әлем жеңімпазын Шымкенттік жанкүйерлер әуежайдан зор құрметпен қарсы алды.
Әлемдік күрес федерациясы 35 жастан асқандардың күрес әлемінде жете алмаған биіктері болса орындап кетсін деген мақсатпен ұйымдастырған аламан додасы өз бағасын алды. Шымкенттік Жолдыбай Тоқбаев барлық елдерден келген кіл мықтылар арасынан суырылып шығып Әлем чемпионы атанды. Туған елге асқан абыроймен оралған жеңімпазды жерлестері салтанатпен қарсы алды.

Балуан қаламыздағы күрес және жекпежек мектебінде дайындалды. Олимпиада ойындарына қатысып еліміздің намысын қорғаған Ермек Байдуашев басқаратын олимпиада мектебі Жолдыбай Тоқбаевтың жеңісін жоғары бағалады
Алдағы жылы олимпиада ойындары өтеді. Грек рим күресінен Шымкенттен екі балуан дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оларды да олимпиада ойындарынан осындай салтанатпен қарсы алуға жазсын. Жерлестеріміздің жеңісті жолы жалғаса берсін