Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы бокстан XХ  халықаралық турнир басталды.  Дүбірлі додаға Қытай, Қырғыз республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Йемен мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 160-қа жуық спортшы келді. Олар бес күн бойы өзара мықтыны анықтайды. 

Турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Ол жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерді спорт мейрамымен құттықтап, халықтан сүйінші сұрады. Түркістанда салынып жатқан Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталып қалғанын айтты. 
Халықаралық жарыстың ашылуына Бекзат Саттархановтың анасы да келіп, құттықтау сөз сөйледі. Сырлыгүл Саттарханова дәстүрлі дода пандемияға байланысты үзілістен кейін қайта өтіп жатқанына қуанып, облыс басшылығына алғыс айтты. Сонымен бірге былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тілеп, ақ батасын берді. 
Бекзат Саттарханов қара күш иесі. Ол 2000 жылы Сидней Олимапиадасына топ жарғаны бар қазаққа белгілі. Сол Олимпиадағы Бекзатпен бірге барған спортшылар да халықаралық жарыстың ашылуында бой көрсететті. Олардың қатарында Ермахан Ыбыраймов, Мұхтархан Ділдабеков пен Олжас Оразалинов бар. Сондай-ақ, ізбасарлары,  қазақ бокс спортының майталмандары Серік Сәпиев пен Біржан Жақыпов та Бекзат туралы естеліктерін бөлісті. Олар бес күн бойы жас спортшылардың деңгейін саралайды.
Бекзат Саттархановтың салмағында, яғни 54 келі салмақ дәрежесінде бокстасатын алматылық спортшы Бекзатты үлгі етеді. Ол Саттархановтың шаршы алаңдағы әдіс-тәсілін . Дара таланттың жеңісін қайталап, Олимп шыңын бағындыру мақсаты екенін айтты.
Жарыста 2004-2005 жылдары туған жастар 13 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салып жатыр.  Жарыс жеңімпазы атанған спортшыға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағы беріледі. Турнир 16 қазанға дейін жалғасады.