ҚР Үкімет басшысының орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді. Ведомства басшысы өңірдегі индустриялық аймақты аралап, халыққа арналған дайын өнімдер шығаратын кәсіпорындар мен макарон өнімдерін өндіретін фабрикағаның жұмысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізіп олардың арыз-шағымы мен талап-тілектерін тыңдады. Министр  өз кезегінде халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау қашанда бар екенін жеткізді.


Вице-премьер азаматтарды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша Үкімет қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ қант тапшылығын болдырмау мақсатыда атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Шекердің сөрелерде тез тауысылып кету себебін импортқа тәуелділіктен деді ол. Енді қамыстан қант шығаруды қолға алмақшы.
Сонымен қатар ведмоства басшысы баға мәселесі өзекті екенін жасырмады. Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 60-70 пайызы импорт арқылы келеді. Сондықтан, ішкі азық-түлік өндірісін дамытпай, бағаның тұрақтауы қиын дейді министр. Ол үшін өнімнің кем дегенде 70 пайызы өз елімізде өндірілуі тиіс. Саланы оңтайландыру үшін  бірқатар бағдарлама да жүзеге асырылуда. Сндай-ақ жиын барысында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Әлеуметтік әмиян» әдісі енгізілетін белгілі болды. Ол әлеуметтік санаттағы әр отбасыға өз келісімімен ашылады және мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен жәрдемақы дәл осы әмиянға аударылмақ.
Кездесуде Шымкент қаласының кәсіпкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мысалы, «Бал-Текстиль» серіктестігінің құрылтайшысы Талғат Исахов отандық кілем өнімдеріне қолдау көрсетуді сұрады. Кәсіпкердің айтуынша, шетелдерден, оның ішінде Өзбекстан мен Түркиядан жеткізілетін дайын кілем өнімдерінің 1 шаршы метріне бар болғаны 0,25 евро баж салынады. Ал қазақстандық кілем өнімдері шетелге экспортталғанда, атап айтқанда, Өзбекстан аумағына кіргізілгенде бір келісіне 12 АҚШ доллары көлемінде мөлшерлеме төленетінін алға тартты.
Жиында ондаған кәсіпкер өз саласына қатысты туындаған проблеманы алға тартып, өтініштерін жеткізді. Түйткілді мәселенің көбісі отандық өнімдерді шетелдік балама өнімдердің демпингінен қорғау және экспортқа шығаруда қолдау көрсетуге байланысты. Вице-премьер Серік Жұманғарин әр сауалға сол жерде нақты жауап беріп, хаттамаға енгізуді тапсырды. Ал бірқатар кәсіпкердің мәселесі бойынша «QazTrade» мекемесінің басшысына тапсырма беріп, алдағы уақытта мәселені кең талқылауды бақылауға алатынын жеткізді.