"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында ант беру рәсімі өтті. Шымкентке әскери борышын өтеуге келген 135 жауынгері Отанына адал болуға ант берді. Әскери бөлімнің саптық алаңында өткен салтанатты шараға бригада командирі, ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен ата-аналар қатысты.


Әскери рәсімде қолында қаруы бар сарбаздар өз борышын лайықты орындауға, ел бостандығы, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын, халықты және заңды түрде сайланған Қазақстан президентін батыл қорғауға ант берді. Олардың арасында атыраулық үшемнің екі сыңары да бар. Нұр мен Сұлтан Ильясовтардың ант қабылдау рәсімін тамашалауға арнайы келген әкесі әскери бөлімдегі жағдаймен танысқанын айтады.
Президенттің ұлықтау рәсіміне сәйкес келген ант беру рәсімі жас сарбаздар мен олардың ата-аналарына бұл күнді есте сақтаудың қосымша себеп болды. Сарбаздардың ата-аналары жақында қол қойылған қорғаныс ведомствосы мен жоғарғы оқу орындары арасындағы келісімдер жақсы қызмет үшін тамаша ынталандыру. Әскерден кейінгі өмірлеріне жақсы трамплин болады, - дейді. Ант беріп, салтанатты шерумен өткеннен кейін сарбаздар дайындаған қойылымдарымен, қару-жарақпен саптық амалдарды орындап өнер көрсетіп, әскери дефиле жасады.  Шымкент гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарбаздар мұның бәрін бір ай ішінде үйренген.