2010 жылдан кейінгі туған балаларды ұруға болмайды. Ғалымдар мен психологтар осылай дейді. Себебі, олар цифрлық кеңістікте туған. Олар жаңа технологиялық революцияны бастан кешеді, табыс табуды ерте бастайды. Ата-анасымен, яғни, миллениал ұрпақтармен достық қарым-қатынаста болады.
Ғалымдар оларды футуролог деп атайды екен. Қолына гаджет ұстап туған балалар ғаламды сол арқылы танып, өзінен алдыңғы Z ұрпақтан да асып түсетін болады.
Қазіргі білім беру жүйесі де осы балалардың таңдау мен талғамына қарай өзгеріске ұшыраған. Балабақшада бұрынғыдай жарты сағат музыка, жарты сағат дене шынықтыру емес, дамытатын орта ұйымдастырылады екен. Балалар қауіпсіз жерде өздері қалаған ісімен айналысып, іздеген ойыншығымен ойнай алады.
Болжамға сүйенсек, бұл ұрпақтың қолмен жазуы өте нашар болады. Ақпаратты жаттап алу қабілеті де жоғалуы мүмкін. Технологияның талабы осы. Сонымен қатар, бұл балалар «таяққа» да көне қоймайды екен. Ескі тәсіл мен тәрбие оларға өтпейді.
Бір ұрпақ өзінен кейінгілерді «жастар» деп сынап-мінеп, қабылдай алмайтыны қоғамда қалыптасып кеткен заңдылық іспетті. Алайда, альфалардың ата-анасы мен Z ұрпақтар бұл шынжырды үзетін сияқты. Жаңа дәуір адамдарын қабылдау, оларды бірден жамандамау әдебі қалыптасуы мүмкін. Алдағы уақытта 2010-2024 жылдар аралығында туған ұрпақ саны 2 миллиардтан асады.