Шардара аудандық тәртіп сақшылары браконьерлік пен табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесті.  Жабайы құстарды заңсыз аулаудың кезекті дерегін анықтады. Ал, жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы 13 млн. теңге берешегі бар азаматты анықтады.


Сырдария өзені жағасындағы Көксу кентінің маңында учаскелік инспекторлар Охотзоопром" өкілдерімен бірлесіп, "Опель Вектра" маркалы автокөлікті тоқтатты. Түнгі сағат 23.20 шамасында автокөліктің салонында Шардара ауданының тұрғындары, яғни жүргізуші мен үш жолаушы болған. Заттай дәлел ретінде браконьерлерден бір аңшылық мылтық пен атылған екі қырғауылдың еті тәркіленді. Сондай-ақ  жүргізушіге қатысты екі баб бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар тіркелмеген атыс қаруына сот-криминалистикалық сараптама тағайындалды.
ЖБО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 13 МЛН. ТЕҢГЕ БЕРЕШЕГІ БАР АЗАМАТТЫ АНЫҚТАДЫ
Ал, Сарыағаш ауданының полицейлері жедел басқару орталығының көмегімен ауданының сот орындаушысынан қаржы мекемелерінің біріне 13 миллион теңге берешегі бар азаматты анықтады.
Жыл басынан бері ЖБО операторлары бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, жүргізушілері әкімшілік айыппұлдар мен қарыздарды төлеуден жалтарған 20-ға жуық көлікті анықтаған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.