Сайрам ауданында грек-рим күресінен Түркістан облысының жас балуандарының тереңдетілген оқу-жаттығу жиыны өтуде. Облыс құрамасының сапында 20-ға жуық дарынды балуандар жиналып, шеберліктерін шыңдауда.


Спорттың күрес түрі Түркістан облысында дамып келеді. Әсіресе, жастар арасында грек-рим күресіне қызығушылық артқан. Жаттықтырушылардың айтуынша кілемде белдесудің өзіндік амал-тәсілдері де жыл санап дамып келеді.
Жаттығудың мақсаты Алматы қаласында өтетін алтыншы жазғы Спартакиадаға дайындық болып табылады. Ал, Түркістан облысының балуаны Абылайхан Әмзеев алдағы өтетін жарыстарда өз салмағын ауыстырып, 67 келіде бақ сынайтынын жеткізді.
Екі аптаға созылатын оқу-жаттығуға облысымыздан ең талантты деген 20 жас балуаны шақырту алған. Олардың қатарында грек-римнен жастар арасында жүлдегер атанған Тұрсын Нұрдаулет пен Арман Сейткаримов секілді жерлестеріміз бар. Түркістандық дарынды балуандар осылайша жоғары деңгейде жаттығуларын жүргізіп, биыл өтетін түрлі жарыстар мен Спартакиадада облыс намысын қорғайтын болады.