Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева  өткен жылға есеп берді. Салада атқарылған шаруалар мен болашақ жоспарын БАҚ өкілдеріне баяндады. Білімде жеткен жеттістіктер мен қатар көңіл құлазытатын жағдайлар көп. Өкініштісі балалар өлімінің артуы.


Шымкентте жасөспірімдердің суесидке бару әрекеті азаймай тұр. Өткен жылы жеті бала өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған.  Бұл көрсеткіш 2021-ші жылмен салыстырғанда бір қайғылы жағдайға артып отыр. Сонымен қатар өз-өзіне қол жұмсамақ болған 12 әрекет орын алыпты.  
Балалардың суесидке баруына себеп көп. Сыныптасымен сөзге келуі, мұғалімнің айтқанын көтере алмауы, тіпті ата-анасының ашумен айтқан сөзіде қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін. Сондықтан бала тәрбиесіне барынша абай болу керек –дейді басқарма басшысы.
Балалар арасындағы құқықбұзушылық өткен жылы біршама төмендеген. Десекте заңсыздыққа барған вактілер саны 100 ден асады.
Елімізде жыл санап балалар біліміне  ерекше көңіл бөлініп келеді.1-4 сынып оқушыларын түгелдей түскі тамақпен қамтуда мемлекет қамқорлығы. Аз қамтылған отбасы  балаларын қоса есептегенде Шымкентте  134 228 оқушы бір мезгіл  ыстық тамақпен  қамтылған. Ал жалпы мегаполистегі  білім саласына 200 млдр теңгеден астам қаржы бөлінген.
2023 жылға Ұлттық жоспарға сәйкесоқушыларды қосымша біліммен қамту – 85,4% жоспарланған.Белгіленген жоспарға жету үшін 2023 жылы жан басына қаржыландыру есебінен 5 000 баланы қосымша біліммен қамту үшін 860,9 млн.тг. қаржы қаралған.2023 жылы 1 оқушылар сарайы, 1 өнер мектебі пайдалануға берілсе, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 1 оқушылар сарайының құрылысы басталады.Одан бөлек, 3 балаларға арналған сауықтыру лагерін, 8 қосымша білім беру ұйымдарын салу жоспарға енді.