Патриоттық әндер тәрбие құралы. Бұл бағыттағы әндер әсіресе өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулуға оң ықпал етеді. Шығармашылығының басым бөлігін жалынды сазға арнаған Тұрлан Ашимов шығармашылық кеш ұйымдастырды.


 «Өмірімді өнеріме арнаймын» атты кешке балалар белсене атсалысты. Сахына төрінен табылған жас өнерпаздар Тұрлан Ашимовтың төл шәкірттері. Олар отан, туған жер, Астана, Шымкент сынды әндерді нәшіне келтіре орындады.  Отаншыл өскелең ұрпақ композитордың мақтанышы.
Тұрлан Ашимов 200 ден астам әннің авторы. Шығармаларының басым бөлігі патриоттық әндер. Ел ішінде кеңінен тараған туындысының бірі «Қайта оралды қазағымның дәстүрлері» атты әні. Егемендікті жаңа алған жылдары бұл ән талай шаттықтың шырайын ашқан болатын. Компазитордың әріптестері ерекше өнерінің ерекшелігін атап өтті.  
Шығармашылық кешке Ералхан Әбішев, Әлембент тобы Абылайхан Оспанов, Құралай Садмұхамедова, Ғалымжан Әлтековсынды елімізге танымал сазгер, әншілер келді. Оларда өнерін ортаға салып тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Өнермен сусындаған ағайын арқа-жарқа көңілмен тарқасты.