Шырайлы Шымқалаға шетелден сәнгерлер келді. Қазақстанда алғаш рет креативті индустрияны қолдау мақсатында сән конференциясы өтіп жатыр. Қазақ сән өнері шетелдік қонақтарға ұнап жатыр ма? Туристердің алған әсері қандай?
responsible fashion series конференциясы 2012 жылдан бастап өтіп келеді. Алғашқы төрт конференциясы Нью Йорк, Лондон, милан мен Парижде ұйымдастырылған. Іс-шара сән индустриясының жаһандық астаналарынан бөлек, Шанхай, Сан-Паулу, Амстердам, Рим, Джайпур сынды қалаларда да жалауын желбіреткен. Ал, биыл ерекше жоба Шымкентте, одан бөлек Түркістан, Тараз, Алматы мен Ташкентте өтіп жатыр.
Сән конференциясы барысында 18 елдің сән сарапшылары мен ғалымдары тарихи Жібек Жолы бойымен 800 шақырым жүріп өтпек. Туристер сән, дизайн және стиль индустриясы, креативті индустриялар, сондай-ақ тұсаукесерлер, көрсетілімдер мен көрмелерді тамашалайды. Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Грузия елдерінің қолөнершілері мен дизайнерлерінің, суретшілері мен режиссерлерінің шеберханалары мен шоуларына қатысады.
Жиында қонақтар «Шым-қала» тарихи-мәдени этно кешеніні аралап, экскурсия жүргізді. Қолөнершілер көрмесін және ұлттық кәдесый өнімдерін дайындау бағыттары бойынша шеберлік сағаттары өтті. Бұл шара креативті жобалары бар жандарды қолдаудың таптырмас мүмкіндігі екенін айтады. Осындай ерекше бастамаларды дамыту арқылы еліміздің туристік жағдайын да көтере аламыз, - дейді сала мамандары.
Ұйымдастырушылар көрмеге қатысып жатқандардың түскен пайдасы өздерінде қалады дейді. Айта кетейік, жиын соңында Турзизм, мәдениет басқармалары мен Креативті индустрия ассоциациясында және Сен жастар форумының негізін қалаушщылар арасында төрт жақты меморандумға қол қойылды.