Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін ел аумағында 2 млрд. көшетін отырғызу жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі аппаратының апталық отырысында Түркістан өңірі мен облыс орталығын көгалдандыру, абаттандыру, жасыл аймақтарды көбейту, көшелерді тазалау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды. Өңір басшысы егілген көшеттерді күтіп-баптауды, абаттандыру және тазалық жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды.
Түркістан қаласында қолданыстағы саябақтар, гүлзарлар, көшелер мен жасыл аймақтарды тазалау, жинау, жасыл желектерді күту және егу, шағын сәулеттік формалар мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін күтіп-ұстау және салу жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Қызмет көрсету аумағы – 258 нысан – 626 га, ағаш көлемі – 925 507 дана, көгал аумағы – 2 620 000 шаршы метр.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, шаһарда 318 гектарды құрайтын 32 саябақ, 59 гектарды құрайтын құрайтын 34 сквер және аллея, 68,4 гектарды құрайтын 31 көше, 121 гектар 13 жасыл алаңдар мен аймақтар бар. Қала бойынша көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстарын «Жасыл Түркістан» КММ қызмет атқарады. Соныменқосааталғанжұмысқамердігерлертарапынан1470 жұмысшыларжұмылдырылған.
2023 жылы жалпы қала аумағында 210 000 дана 10 түрлі біржылдық және көпжылдық гүлдер егу жоспарланып, оның 60 000 данасы егілді. Қалғанын осы айдың соңына дейін отырғызу жоспарлануда. Облыс орталығына 17 түрлі бейімделген 249 000 дана ағаш көшетін (көктем мезгілінде 100 000 дана, күз маусымында 149 000 дана) егу көзделіп отыр. Соныменқатар 42,3 гектар аумаққа 3саябақтыңқұрылысыжүргізілуде.