Тәрбие тал бесіктен. Ордабасы ауданының балаларына ұлттық ойын мен салт дәстүр балабақшада ұғындырылады. Ол үшін арнайы бағдарлама жасақталып күнделікті тәлімге енгізілген. Жаңа жобаны жүзеге асырып отырғандардың  бірі Шұбарсу ауылындағы «Шымқорған» балабақшасы.


Шұбарсудағы  озық балабақшаның тірщілігімен танысуға аудан бойынша 40 тан астам балабақшаның өкілдері келді. Ордабасы аудандық білім бөлімі мұрындық болып  әдейі осы бөбекжайда семинар ұйымдастырды. Себебі мұндағы бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтар ойын түрінде түсіндіріледі. Ойын балалары асыр салып жарысып жүріп ақ  рухани азық жинайды.
 «Шымқорған» балабақшасы 2011 ші жылы ашылған.Балапан бағдарламасы аясында бой тіктеген Шұбарсудағы ең бірінші жекеменшік мектепке дейінгі мекеме. Бөбекжайда балалар  10 топқа бөлінген. Жалпы 250 балаға  50 астам  тәрбиешілер мен балабақша қызметшілері бар. Бұл семинарда «Шымқорғанның» тәрбиешілері келушілерге өздерінің күнделікті тәлімін көрсетті.
Бұл бөбекжайда ата-аналар бала басына 6 мың теңге ғана төлейді. Қосымша бала тасымалын мекеме мойнына алады. Оған қосымша50 бала тегін тәлім алады. Көһпбалалы отбасы балалары мен көмекке мұқтаж отбасы бүлдіршіндерінің шығынын жергілікті кәсіпкер Нұрлан Әлімханов мойнына алған екен. Ордабасы ауданы бойынша  41 жекеменші 15 мемлекеттік балабақша бар. Балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамту көрсеткіші 100 пайызға жуықтайды. Жақында іске қосылатын құрлыс жұмыстары қызып тұрған балабақшаларда баршылық.