Шымкент қалаласының А.Пушкин кітапханасында «Ел қорғаны – Мұсабек» атты ғылыми-конференциясы өтті. Іс-шара, Халық батыры Мұсабек Қалдарбекұлының ерлігі мен ғұмыр жолына арналды.


Жиын, Қазақтардың Қоқан басқыншылығына қарсы  ұлт-азаттық күресінде ерен ерлігімен көзге түскен Мұсабек Қалдарбекұлының тарихи бейнесін ашумен басталды. Сонымен бірге, Сапақ, Шойбек, Момбек, Жаманқара сияқты  батырлардың да ерлігін көрерменге паш етті. Ғылыми-конференцияның да негізгі мақсаты батырлардың іс-әркеттерімен қатар, қиын-қыстау кезіндегі қазақтардың әлеуметтік, тұрмыстық, саяси ахуалдарын ашып көрсету.
Конференция «Қаламгер» қоғамдық бірлестігі мен Ордабасы ауданының құрметті азаматы  Ахметов Бектастың ұйымдастыруымен өтті. Тарихшы, шежіреші Момбек Әбдіәкімнің Мұсабек батыр жайлы зерттеулері мен еңбектері де таныстырылып ғалым-жазушыларға сөз берілді.
Халқының азаттығы мен намысы үшін күресіп өткен батырларымыздың есімдері ескерусіз қалмауы керек.  Осыны негізге ала отырып ұйымдастырылған іс-шара өз мақсатын орындай білді. Мұсабек Қалдарбекұлы секілді жауынгерлеріміздің ғұмырлы жолын таныстырып, есімін жаңғыртсақ нұр үстіне нұр болар еді.