Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шымкентте «Тарихқа тағзым» іс-шарасы өтті. Шарада халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлері дәріптеліп, көрермендер назарына тарихи бейне фильмдер ұсынылды.


Тарихқа тағзым» тақырыбы аясында өткен шарада «Ордабасы – бірлік туы», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» мультфильмдерімен қатар, қазақтың тарихи-мәдени мұрасынан сыр шертетін «Ұлы дала таңы», «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала» көркем фильмдері келушілер назарына ұсынылды.  «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде ұйымдастырылған шара барысында  әр түрлі жас шамасында этно стильді дефиле көрсетіліп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарының көрмесінде, олардың  жасалу жолдары мен ерекшеліктері таныстырылды.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық тағамдарымыздың да ерекше таныстырылымы болып, аспаздар шеберлік сағаттарын өткізді. Күні бойында жалғасатын шара «Шым қала» тарихи-мәдени кешенімен қатар, Арбат алаңында, Риксос Хадиша қонақ үйінде, Мұз сарайы мен Абай саябағында өткізіледі. Мерекелік шара барысында демеушілер тарапынан келушілерге тәтті тоқаш пен балмұздақтар үлестірілді.