Биыл Шымкентте Наурыз мейрамы жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Болашақ ұстаздар да Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлауға белсене кіріскен. Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік жиын өтті.


Ұлыстың ұлы күні мейрамы бірнеше күннен бері Шымкент шаһарында кеңінен тойланып жатыр. Педагогоикалық колледжі ұжымы мен студенттері де  ұлық мерекені оқу ордасында сән-салтанатпен атап өтті.
Белсенді студенттер концерттік бағдарламада дайындады. Ән айтып, би биледі. Киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленді. Колледждегі шетелдік оқытушылар қол күресіп, қазақтың ұлттық ойынын ойнады.
Ұлыс күні киелі жеті дәм мен ақтан жасалатын тоқшылық пен ырыс-құттың белгісі саналатын қасиетті тағам - «Наурыз көже» дайындалды. Көпшілікке дәм ұсынылып, оқу орнында қызмет еткен ардагер ұстаздар да қонақ болды.
Бүгінде жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Шымкент жоғары педагогикалық колледж ұжымының еңбегі ерен. Оқу орнында педагогикалық және басқа да мамандықтар бойынша 1 400 студент білім алып жатыр. Биыл оның 400-ге жуығы мемлекеттік үлгіде дипломын алады. Колледж басшылығы «ұлт болашағы – білімді жастардың қолында» екенін ескеріп, осы қарқында жүйелі жұмыстарын жалғастыра бермек.