Ел аумағында ақылы жолдарда автокөлік жылдамдығын өлшейтін құрылғылар орнатылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты.


Республикалық маңызы бар жолдардың бойында 94 арнайы камера орнаттық. Қазір соның 33-і іске қосылды. Жол-көлік оқиғаларының көбі жылдамдық талаптарын сақтамау салдарынан болады. Сондықтан Ішкі істер министрлігімен бірлесе жолдардың бойында тиісті құрылғыларды орнату жұмыстарын қолға алдық. Астана мен Бурабай аралығында осындай камералар іске қосылған. Осы орайда автокөлікпен тым қатты жүргендерге айыппұл салынып жатыр», – делінген  комитет басшысының хабарламасында. Оның айтуынша, автобанда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген. Алайда кейбір жүргізушілер сағатына 180-200 шақырым жылдамдықпен жүреді. «Республикалық маңызы бар 25 мың шақырым жолдың 11 мың шақырымы ақылы болады. Осы жолдарда аталған Сергек камералары іске қосалады. Бұл құрылғылар 2030 жылға дейін орнатылмақ.