Ауыз сумен қамтылмаған елді мекенге су құбыры жүргізіледі. Қазіргі таңда Еңбекші ауданында тіршілік нәрінсіз отырған 7 елдімекен бар. Барлығы да ауданның шеткі аймағында орналасқан. Жұлдыз тұрғын алабы, Жаңақұрылыс аймағында 500 ге жуық тұрғын үйді ауыз сумен қамту үшін құбыр тартылып жатыр. Шеткі елдімекенге әріптесім Нұрлан Пайзов барып, мән-жаймен танысып қайтқан еді.

Еңбекші ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,5%. Көрсеткіш жыл соңына дейін 100 процентке жетуі мүмкін. Себебі шалғай елдімекен тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтамту мақсатында жер қазылып, құбыр жүргізіліп жатыр.

 Шаһардан шалғай орналасқан Жаңақұрылыс аймақтарында инфрақұрылым мәселесі ретімен шешіледі. Бүгінгі таңда аудан территориясына кейін қосылған 7 елді мекен ауыз сусыз отыр. Олар Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе,Тоғыс, Жыланбұзған, Айнатас,Исфиджаб елдімекені. Жалпы 3724 абонентті тіршілік нәрімен қамту үшін 2 миллиардқа жуық қаржы қаралған.

Айта өтейік тіршілік нәрінің рахатын алдымен халық көп шоғырланған елдімекен халқы көреді. Ал, жаңақұрылыс аймақтары болса таза ауыз сумен  2025 жылы 100% қамтылмақ.