Шымкентте бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып отыр. Сондай іс-шаралардың бірі – Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасы. Шымкентте  осы жоба аясында қолға алынған спорттық сайыс түрі -  «Фан-клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті.

Талантты жастарды марапаттауға келген Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов, мектеп оқушыларын 1 маусым – Балаларды қорғау күніммен құттықтап, бүгінгі сайысқа қатысқан барша жастарға алғысын жеткізді. Сайысқа жалпы 151 білім беру мекемелері қатысып, қазылар алқасының шешімімен 24 мектеп финалдық кезеңге жолдама алған. Бұл жолы жүзден жүйрік шыққан командалар өзара бақ сынасты.  

Бұл жоба мектеп жасындағы жасөспірімдерге тың серпін беріп отыр. Балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған жоба оң нәтижесін беруде.

Финалға білім беру мекемелерінен 24 команда ішінен 4 команда үздіктер қатарынан бой көрсетті.Оқушылар арасында өткен спорттық би нәтижесі бойынша  бас жүлде -  әр қатысушыға бір-бір велосипед.  І орынға  – смартфон , ІІ орын – брендбук , ІІІ орын - смарт сағат .Жеңімпаздарға Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов атынан арнайы дипломдар табыс етілді.