Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы «Агро кеңес беру орталығы»  Отырар ауданындағы «Марғұлан» шаруа қожалығының базасында  жүгері өсіру бойынша демонстрациялық алаңын ашты.  Пилоттық жобаның негізгі мақсаты ғылыми дәлелденген жоба арқылы дәнді дақылды химиялық жолмен емес органикалық негізде өсіру арқылы мол өнім алу болып табылады. Алаңның ашылуына орай арнайы семинар өткізіліп онда ғылыми зерттеу институтының мамандары шаруаларға жерді күтіп-баптау мен, ауыспалы егісті қолдану арқылы топырақ құнарын арттыру бағытында арнайы кеңес берді.

Отырардағы «Марғұлан» шаруа қожалығы Атамекенмен бірлесіп жаңа жобаны алғашқылардың бірі болып қолға алды. Қожалыққа тиесілі жерге ғылыми негізге сүйене отырып жүгері дәні егілді. Шаруа химиялық өңдеуден түбегейлі бас тартып, органикалық тыңайтқыштарды қолдануды жөн көріп отыр екен. Өйткені улы заттар жердің құнарын кетіріп қана қоймай, топырақтың сорланып, өнім беруін азайтады,дейді.


Бекжан Ибашев, «Марғұлан» шаруа қожалығының төрағасы

- 20 гектар жерге жүгері егіп жатырмыз.. Пионер деген ұрық. Химиялық тәсілден жер кебір басып тұз бетіне шығып, жер құнарлығы кеміп ,өнімділік азайды. Арганикалық жолға өтіп бастаймыз тірлікті. Атамекенмен бірігіп марғұлан іс тәжірбиесінен өткізіліп жатыр.

Облыстық әкісіпкелер палатасының өкілі Нұрлыбек Боранбаевтың айтуынша, аталған базалық шаруашылықтар негізінде озық технологияларды өніріске енгізу арқылы жаңа үлгідегі тәжірибені тарату болып табылады. Маман кадрларды мастер кластарға  қатыстыру арқылы практикалық оқыту, агроқұрылымдар базасында ауыл шаруашылығы қызметін жандандыруды көздейтін жаңа жобаларды іске асыру тетіктері жүргізілетін атап өтті. Яғни, жерді күзде жыртудан бастап, қыста суару, көктемде

Нұрлыбек Боранбаев, Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі

- Күз айда күз айдамасаң жүз айда.Техниканы жаңалау жер құнарын арттыру ескірген техниканы жаңалау суару қор үнемдеу жалпы күзде жерді айдау. Қыста суару . жер күзде айдау құрт кесеткі майдалау үшін топырақ қатып қалады. Жел алады сумен шайяды. Егілген мәдени дақылға ештеме қалмайды. Жабайы шөп мәдени дақыл күйзелісте тұрады. Ғылыми негізделген ауыспалы егін жүйесі өндіріске ендіру. Фермерлерге кеңес беріп табиғи биологиялық кеңе түсімді арттырады.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жер жырту, сор шаю, агротехникалардың мерзімінде жүргізілмеуі, сапалы тұқымның аздығы, егіс алқаптарының мелоративтік жағдайының төмендігі, ауыспалы егістің сақталмауы,  жалпы өнім сапасының төмендігіне  әкеп соғуда сондықтан бұндай алаңдар диханның табысын арттырып, жер құнарын сақтап қалуға негіз болады деп отыр.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы Агро кеңес беру орталығының қолға алған тың жобасы демонстрациялық алаңы бұған дейін Ордабасы ауданында мақта шаруашылығы бойынша ашылған болатын. Жалпы болашақта барлық ауданда ашу жоспарда бар екен.