Салық төлеу әр азаматтың міндеті! Салық түсімдерінің есебінен еліміздің қазынасы толығып отырады. Ал оның толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету салық органдарының басым міндеттерінің бірі. Осыған орай қазіргі таңда салық органдары қашықтықтан бақылау шараларын белсенді түрде қолдануда, олардың бірі камералдық бақылау.

 Камералдық бақылау дегеніміз салық декларациясында көрсетілген мәліметтермен түрлі дерек көздерін талдау және салыстыру негізінде құрылады. Камералдық бақылаудың басты мақсаттарына тоқталатын болсақ Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды салық төлушінің өз еркімен жоюына құқық беру арқылы салық төлемдерін өндіру болып табылады.

Ендігі кезекте камералдық бақылау нәтижесінде қол жеткізілген қосымша кіріс көздеріне тоқталатын болсақ: 2022 жылдың қортындысымен мемлекет бюджеттіне нақты қаражат есебінен 15 580,8 млн.теңге түсіміне қол жеткізілсе, ал ағымағы жылдың басынан қосымша кіріс түсімі 3 560 млн.теңгеге қамтамасыз етілді.