Шымкенттік жоғары оқу орындарының студенттері «3.2.1. Старт!» экологиялық акциясына атсалысып жатыр.   Республика көлемінде ұйымдастырылған ерекше жобаға еліміздің 10 оқу орны қатысуда.  

Олар жыл соңына дейін сенбілік өткізіп, пластикалық құтыларды жинаудан өзара жарысқа түседі. Пластмасса қалдығын көп тапсырған топқа қоқысты қайта өңдейтін қондырғы сыйға беріледі. Осылайша «Жеңімпаз команда кәсіппен айналысып, түрлі зат шығаруға мүмкіндік алады»,-дейді ұйымдастырушылар. Сайыстың алғашқы күнінде 100-ге тарта эко белсенді «Қошқар ата» жағалауына жиналды. Олар жоба шарты бойынша қоғамдық орынды таза ұстауға үлес қосып, сенбілік өткізді.

Назым Сағынтай, акцияға қатысушы
- Бұл жобаға қатысу себебіміз біз қаламыздың көркеюіне өз үлесімізді қосқымыз келеді. Әрі қарай Дендросаябақ, Орталық саябақ тағы басқа қаламыздың көрікті жерлерін тазалауға өзүлестерімізд іқосатын боламыз.

Асыл Оқапова, Жасыл экономиканы қолдау және  G-Global-дыдамыту коалициясының өкілі
- Әлем бойынша экономикадан кейін экология бірге тұр бір сатыда. Негізгі мақсатымыз әрине біздің қазақстандықтарды шақыру, экологиялық және қоршаған ортаны қолдауға шақыру.