Түркістанда «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін атты жиын өтті. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, аталмыш қор төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева мен мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Аталмыш ұйым төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді,күні бүгінге дейін жалпы соммасы 2,1 млрд теңге көлемінде қайырымдылық жасалған.  

Бұл кездесу- өңірдің қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жайын айқындау мақсатында өткізіліп отыр. Жиын барысындаалдағы қайырымдылық бастамалары таныстырылып, Түркістан облысында іске асқан жобалар баяндалды. Қазақстан халқына қоры- шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерге баса назар аударып отыр. Бүгінде  2,1 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілсе, алдағы уақытта бұл көрсеткіш 2,7 млрд-ты межелемек.Ұйым жұмысы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы проблемаларды шешуге бағытталған 40-тан астам бағдарламаларды қаржыландырады.Қоғамдық қор- елдегі өзекті мәселенің бірі- аутизммен ауыратын балаларды сауықтыруға арналған орталықтар ашу мәселесіне ден қойып,әзірге төрт өңірге қолдау көрсетуде.