Моңғолияда жастар арасында жамбы атудан әлем чемпионаты аяқталды. Түркістан облысының таланты спортшысы әлемдік додада топ жарып, алтын жүлдемен оралды. Жеңімпазды жанкүйерлері мен спорт сүйер қауым Темір жол вогзалында сән-салтанатымен қарсы алды.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін кезекті Азия ойындары қарсаңында түрлі халықаралық додалар мен әлем чемпионаттары қыза түсуде. Моңғолия да әлемнің ең таланты деген саңлақтары ат үстіндегі садақ ату спортынан бақ сынады. Жарысқа 22 мемлекеттен 110-ға жуық спортшы қатысып, төрт стиль бойынша бақтарын сынады. Моңғол, венгр, түрік және корей стильдері бойынша сынға түскен мергендер өзара жеңімпаздарды анықтады. Осы әлемдік сайыста топ жоғары нәтиже көрсеткен түркістандық саңлақ  Батыр Бексауыт 2 алтын, 2 қоламедальға қол жеткізді.

Атүстіндегі садақ ату спорты әлемде қарқынды даму үстінде. Моңғолияда өткен әлемдік дода да өте тартысты өтті. Осындай жарыста ғаламат нәтиже көрсеткен жерлесіміз туған елге оралды. Шымкент темір жол вокзалынан спорт сүйер қауым мен жанкүйерлері қарсы алып, құрмет көрсетті. Жеңімпаз облыстық ұлттық спорт түрлері спорт мектебінің шәкірті. Оған қолдау көрсеткен спорт жанашыры білікті басшы Болат Қонаев шәкіртінің бұл жеңісін жоғары бағалайды.  Қазақстан ұлттық құрамасының жастары командалық есепте үшінші орын иеленді. Сонымен қатар, саңлақтар поляк стильінде де өздерінің мықтылықтарын көрсетті.