Мақтааралдық дихандар биыл ағын судан тапшылық көрген жоқ.Өйткені аудандағы каналдар бетондалып,тік және көлденең дренаждар қайта қалпына келтірілген.Нәтижесінде ағын су 20 пайызға үнемделіпті.Алдағы уақтта шаруалар алқаптарды тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы көрсеткішті 50 пайызға жеткізбек.Ал,Жолдауда айтылған су ресурстары және ирригация министірлігі талай түйткілді шешеді,дейді мыршаөлдік дихандар.

Ата кәсіпті жалғап келе жатқан Мақтааралдық дихан Атабек Қожабеков биыл ағын судан тапшылық көрген жоқпыз дейді.Тіпті су жеткілікті болғандықтан егін алқаптарымен қатар үй іргелік жерлерін де игеріпті. Аязхан Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Төрткүл ауылындағы шаруалар ерте көктемде еккен қырық қабаты мен қауын-қарбыздарын экспорттаған. Былтырдан бастап қант қызылшасын егуді қолға алыпты.

Мақтаарал ауданындағы егін алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында қазынадан 40 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға  208 канал бетондалып, тік және көлденең дренаждар қайта қалпына келтірілген.  Нәтижесінде жылдар бойы өзекті болып келген ағын су тапшылығы шешілген. Оған қоса жүйелердің жаң,ыруы жер асты суын төмендетіп, ағын суды үнемдеуге де мүмкіндік берді дейді мамандар.

Мақтаарал ауданында 60 мыңнан астам жер бар.Егін алқаптарының  барлығы бір ғана «Достық» каналынан су ішеді.Сыйымдылығы  120 кубтық канал суын мырзашөлдегі іргелес жатқан екі аудан бөліп алады. Шіліңгір шілдеде су мөлшері азайып кетіп, шаруалар шырылдап жататын.Себебі бастауын көрші елден алатын «Достық» каналы өзгеге тәуелді.Енді Жолдауда айтылған жаңа министірлік осы мәселені оң шешетініне қуаныштымыз,дейді мақтааралдықтар.

Берекені көктен емес еткен еңбегінен тілеген мақтааралдық шаруалар биылдың өзінде ағын суды 20-25 пайыз үнемдепті. Алдағы уақытта жаңа тиімді технологияларды ендіру арқылы суды 50 пайызға дейін үнемдеуді көздеп отыр.  Тіпті мақтаның өзіне тамшылатып суару әдісін қолданбақ ниетте.