Шымкенттегі №1қалалық емханасында халық үшін тиімді медицинаның тетіктері қаралды. Жиынға Үздік тәжірибелер орталығы Ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбековтың жұмыс жобасы таныстырылды. Арнайы келген мамандар, жергілікті дәрігерлерге арнайы оқыту өткізді.

Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы бастама қарапайым жұртшылық пен денсаулық сақтау саласы мамандарының арасындағы алтын көпір болады,- дейді жиынға қатысушылар. Өйткені мұнда пациенттер өздеріне көрсетілетін қызмет сапасын бақылай алады және ұсыныстарын да бере алады.Алдағы уақытта емханалардың жұмысына адамгершілікке негізделген жаңа стандарттарды енгізу жоспарлануда.